Хабар телеарнасы

Партиялық емес байқау орталығы байқаушының Әдеп кодексін жасады

Ондағы мақсат — жас байқаушыларды дайындау үрдісін жеңілдету. Жобаның мазмұны байқаушы топ өкілдеріне таныстырылды. Мамандар жаңа әдеп кодексін барлық пікірлерді ескере отырып шегендеп алған жөн,— дейді. Дауыс беру кезінде туындауы мүмкін сұрақтар осында жан-жақты қамтылған.

Төлеген Күнәділов, партиялық емес байқау орталығының төрағасы:
- Заңды білмеу немесе тәжірибенің аздығынан заң бұзушылыққа жол беріп қояды. Сондықтан да осы мәселелерді зерттей келе байқаушының әдеп кодексінің тұжырымдамасын шығарып, қоғам болып талқыладық. Үкіметтік емес ұйымдармен үміткерлердің республикалық штабтардың өкілдерімен бірлесіп осыны Орталық сайлау комиссиясына жіберу ниетіміз бар.