Хабар телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев пен жақтастары Алматы қаласына барды

Өзін ұсынған «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы туралы ақпарат беріп, сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Кездесуге жиналғандар кандидаттың бағдарламасы бойынша түрлі сұрақ қойып, пікір алмасты. Нұрлан Әуесбаев күні бүгінге дейін елдің 6 аймағын аралап шықты.

Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:
- 176 қазақ мектеп гимназиясында болдық. Оқытушылар мен көптеген адамдар қатысты. Жалпы кездесулердің бәрі ұнап жатыр. Халық үлкен пікір алмасудан кейін көптеген сұрақтар туындап, ашық-жарқын сұрақтарын қойып, осындай көп мәселелер қызықтырып жатыр.