Хабар телеарнасы

Тоқаевтың РҚШ мүшелері Жетісу облысының жұртшылығымен жүздесті

Штаб мүшелері жергілікті кәсіпкерлер мен шаруаларды да қамтыды. Бұдан соң Балпық би ауылындағы қант зауытына барды. Еңбек ұжымын жинап, сайлау алдындағы үгіт-насихат шараларын жүргізді. Аймақтағы үкіметтік емес және жастар ұйымдарының басшыларымен де кездесті.

Ерлан Қошанов – Республикалық қоғамдық штабтың басшысы:
- Бұл кездесуіміздің жөні бөлек. Өздеріңіз білесіздер, алда президент сайлауы келе жатыр. Бірнеше өңірді аралап келе жатырмыз. Абай, Ұлытау, Алматы облысында болдық. Қарағандыда болдық. Халықпен, соның ішінде зиялы қауымдармен де кездестік. Өте жылы мағыналы әңгімелер болды. Сол өңірдің ғана емес, мемлекеттік тұрғыдағы үлкен, әңгімелер де болды.