Хабар телеарнасы

Әбденнің республикалық штаб жұмысы қыза түсті

Сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер сараланды. Қарақат Әбден бұған дейін еліміздің 6 аймағында болып, тұрғындарымен жүздесті. Оның ішінде көпбалалы аналармен, іскер әйелдермен, медицина және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен де кездесті. Алдағы уақытта Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесу жоспарланған.