Әбденнің Ұлытау облысы жұртшылығымен кездесулері жалғасып жатыр
Сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, сауалдарға жауап берді. Қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі – жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу тетіктерімен бөлісті. Мамандардың ой-пікірін тыңдады.
Нұргүл Әшірова, психолог:
- Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті мәселе. Мен психолог ретінде осы тақырып бойынша айттым және басқа да мамандардың пікірлерімен бөлістік. Өзінің бағдарламасымен таныстырып өтті.