Тоқаевтың штабы Қостанай және Ақмола облыстарының тұрғындарымен жүздесті
Республикалық қоғамдық штаб мүшелері әуелі Әулиекөлде болып, өрттен зардап шеккен ауылдық ағайынмен жүздесті. Мұнан соң жергілікті жұртшылықты жиып, үгіт-насихат шараларын жүргізді. Бірқатар кәсіпорынға барып, еңбек ұжымдарына сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
Ал Ақмола облысында штаб мүшелері жастар және педагогтармен кездесті. Фермерлер мен кәсіпкерлер де назардан тыс қалған жоқ. Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған шаралар талқыланды.
Асхат Оралов, Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы:
- Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері ел аумағында 10 мыңнан аса іс-шара өткізді. Аймақтарда сайлаушылармен кездесу барысында ең шалғайдағы елді мекендерді толық қамтуды мақсат еттік. Қостанай облысына келіп ең алдымен осы өрт шалған Әулиекөл ауданының жағдайын білу үшін сіздерге ең алдымен келіп отырмыз.