Смайылов жаңартылған энергияны дамыту жайлы айтты
Үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстанда жалпы өндірістегі «жасыл» энергияның үлесі шамамен 3% құрайтынын атап өтті. Бұл ретте оны өндіру көлемін 15% дейін, яғни 2030 жылға қарай қосымша 7 ГВт-қа ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар биыл көміртегі шығарындыларын кем дегенде 15% төмендету көзделген. Сондай-ақ Қазақстан өз алдына 2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу мақсатын қойып отыр.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Біздің еліміз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы барынша биік мақсаттарды қойып отыр. Осының аясында жыл соңына дейін төмен көміртекті даму стратегиясын қабылдау жоспарлануда. Орталық Азиядағы елдің алғаш болып осындай маңызды құжатты қабылдауы тарихи сәтке айналмақ.