Хабар телеарнасы

11 қарашада кандидаттардың пікірсайысы өтеді

Орталық сайлау комиссиясы оның қағидалары мен шарттарын таныстырды. Дебат тікелей эфриде болады. Ұзақтығы кем дегенде 80 минут. Пікірсайыстың өзі 4 раундтан тұрады. Алдымен қатысушылар өздерінің сайлау бағдарламасын таныстырады. Екінші кезең қарсыластарға сұрақ қою. Үшінші бөлім сайлаушылардың қойған сұрақтарына жауап беру. Ал ең соңында әр үміткер сайлаушыларға үндеу жасайды. 10 қарашаға дейін «КАНДИДАТТАН СҰРА!» деген айдармен кез-келген кандидатқа сұрақ жолдауға болады. Ол үшін ұзақтығы бір минуттан аспайтын бейнебаян түсіріп өзіңізді таныстырып, экраннан көріп отырған электрондық поштаға жіберу керек.

Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
-Сайлау алдындағы пікірсайыстар мен пікірталастарға қатысу үшін кандидатураларды ҚР президенттігіне кандидаттардың сайлау штабтары ұсынды. Алынған мәлімет негізінде телевизиялық пікірсайысқа қатысушылардың келесі құрамы ұсынылады: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы.