Дайрабаев Семейге барды
Бұл туралы мәслихат депутаты әрі өңірлік штаб басшысы Серік Байғалиев президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың облысқа жасаған сапары кезінде айтты. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық кітапханада халықпен кездесу өтті. Кандидат сондай-ақ Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханов ескерткіштеріне және «Өлімнен де күшті» монументіне гүл қойды. Қала іргесіндегі кәсіпорындарға барып, жергілікті шаруалардың жағдайымен танысты. Өңірде 1 облыстық және 8 аудандық штаб жұмыс істейді.
Серік Байғалиев, өңірлік штаб басшысы:
-Біз өте көп үгіт-насихат жұмыстарын жасадық. Біздің өкілдеріміз бен белсенділер қала мен аудандарға шықты. Абай облысы бойынша ең басты агро мәселелер, көбі малмен айналысады. Малдан басқа көп кісі егін егеді. Бізде жылыжайдағы бизнес бар. Ауданда гүл мен құлпынай өсіреді.