Мейрам Қажыкен Ақтау портына барды
Әуелі Ақтаудағы теңіз сауда портына табан тіреді. Мекеме бір мезетте 9 кемені қабылдауға қауқарлы. Кандидат еңбек адамдарына сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Порттың елге халықаралық дәрежеде үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Жиын барысында сайлаушылар тас жолдардың сапасына қатысты пікір білдірді. Мейрам Зекешұлы ірі мекемелердегі кәсіподақ басшыларымен де кездесті.
Жақсығали Құдайбергенов, Облыстық штаб басшысы:
- Атырау-Астрахан тас жолын көтерді. Себебі ол жерде жол апаты көп болады. Жол сапасыз, салынбаған. Тағы да бірнеше мәселе көтерілді. Негізі осы кәсіподақтарға зейін қойып жұмыс жасауға өзі бізге ұсыныс жасады.