Тоқаев штабы Павлодар өңірінде үгіт-насихат шараларын өткізді
Штаб мүшелері бірқатар кәсіпорынды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Екібастұздағы көмір кеніші, трамвай басқармасы және электролиз зауытының жұмысшыларына кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасын түсіндірді. Бұдан кейін аймақ жұртшылығын Достық үйіне жиып, бағдарламаны талқылады. Ал қоғам белсенділері және жастармен жүздесу кезінде басым бағыттарына тоқталып, сайлауға қатысудың маңыздылығын жеткізді.
Асхат Оралов, республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы:
-Республикалық қоғамдық штаб Павлодар жұртшылығымен жүздесіп жатыр. Екібастұз бен Ақсу қалалары, тағы он ауданда кездесулер өткізілуде. Жиын барысында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Республикалық қоғамдық штаб Қазақстанның 10-нан астам өңірін аралап, 13 мыңдай іс-шара өткізді.