Хабар телеарнасы

Әбден штабының атқарылған жұмыстары пысықталды

Штабта кезекті кеңес өтіп, елорда мен аймақтарда атқарылған жұмыстар пысықталды. Мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді. Штаб басшысы өңірлердегі сайлаушылардан түсіп жатқан сауалдар мен ұсыныстар жан-жақты сараланатындығын жеткізді. Кандидат бұған дейін 8 облыстың 13 қаласы мен бірқатар елді мекен жұртшылығымен кездесті. Жастар тәрбиесі, отбасы институтын нығайту тақырыбында ой өрбітіп, синтетикалық есірткі және құмар ойындармен күрес мәселесін талқылады.

Еламан Төлепберген, кандидаттың баспасөз хатшысы:
- Кандидаттың ел өңірлеріндегі кездесулері жалғасып жатыр. Сайлауалды штабқа қойылған талап өте жоғары. Ел өңірлерінен көптеген сұрақтар мен ұсыныстар түсіп жатыр. Сайлаушылармен кері байланыс орнатылған. Олардың барлығына білікті мамандар тиісті жауаптарын беріп жатыр.