Хабар телеарнасы

Әбденнің штабы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Тұрғындар тарапынан түскен сауалдар зерделеніп, алдағы іс-шаралар пысықталды. Штаб өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Кандидат бүгінге дейін 8 облыстың 13 қаласы мен бірқатар елді мекен жұртшылығымен кездесті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастар тәрбиесі, отбасы институтын нығайту мен қоғамдағы бірқатар мәселе төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті. Жасөсіпірімдер арасындағы суицид және есірткімен күрес тақырыбы да шет қалған жоқ. Жалпы үгіт-насихат кезінде 40-қа жуық кездесу жоспарланған.

Арман Аусақов , кандидат штабының өкілі:

-Кандидат енді өңтүстік өңірлерді аралауды жоспарлап отыр. Халықпен жүздесіп, бірқатар іс-шараларға қатысады. Республикалық штаб пен аймақтық штабтар кестеге сай жұмыс істеп жатыр.