Мейрам Қажыкен еңбек адамдарымен кездесті
Онда алдымен құқық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері және қоғам қайраткерлерімен жиын өткізді. Парақорлық тақырыбында пікір алмасу болды. Жиыннан соң кандидат «Шаңырақ» ардагерлер үйіне табан тіреп, әлеуметтік қызмет алушылар және еңбек адамдарымен кездесті. Қарттардың жағдайын біліп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ардагерлер зейнетақы мәселесін көтерді. Ал еңбек адамдары әйелдердің зейнетке шығу жасы жайында сөз қозғады. Одан кейін кандидат желдеткіш шығаратын зауытқа барды. Мейрам Қажыкен Алматыда бірқатар кездесу өткізеді.
Мейрам Қажыкен, Президенттікке кандидат:
- Мәдениет, азаматтық қоғам, заңдардың орындалуы. Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек. Ең алдымен мәдениетте, адамның сана сезімінде халықтың да қоғамның да. Бізде мықты азаматты қоғам болу керек. Азаматтық қоғам болса онда билік те бақылауда болады. Бізде заңдар бар. Белгіленген. Бірақ сол заңның баптары нақты орындалу керек.