Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат науқанымен Атырау облысында болды
Жиын барысында кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қалалықтардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде көтерілген негізгі мәселе – ана мен бала өлімі. Кандидат бұндай жағдайлардың басты себебін атап, шешу жолдарына да тоқталып өтті.
Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат:
- Жүкті әйелдердің өлім-жітімінің өсуінің негізгі себептерінің бірі - Ковид пандемиясы болды. Ал келесі мәселе – ғимараттардың тозуы, тиісті инфрақұрылымның жоқтығы мен жабдықтардың жеткіліксіз деңгейі. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша тек бір ғана Атырау облысында ана өлімінің 2 фактісі тіркелді. Ал 1 жасқа дейінгі бала өлімі болса бұл өңірде 9 ай ішінде 114-ге жеткен.