Индонезияда «Үлкен жиырмалық» саммиті басталды
Бейнебайланыс арқылы сөйлеген Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтатуға үндеп, өзінің «бейбітшілік формуласын» жария етті. Financial Times басылымының хабарлауынша, G20 елдері бірлескен мәлімдеме қабылдайды. Құжатта Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттерінің адамзатқа үлкен қасірет әкелгені және әлемдегі экономикалық ахуалды ушықтырғаны айтылған. Саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өтті. Бүгін Франция президенті Эммануэль Макрон мен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин кездесті. Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден мемлекет басшысы ретінде алғаш рет Қытай лидерімен кездесіп, келіссөз жүргізген.