Әуесбаев аймақтардан келген сайлаушылармен кездесті
Кездесуге елорда тұрғындары ғана емес, елдің бірнеше аймағынан келген азаматтар да қатысты. Оппозициялық партия өкілі әуелі сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Артынша, жиналғандардың мәселесіне құлақ түріп, сұрақтарына жауап берді. Жиында баспана бағасы, ауыл шаруашылығының жайы көтерілді. Балалары үш ауысымдық мектепте оқитын ата-аналар да шағымын жеткізді. Күні бүгінге дейін Нұрлан Әуесбаев пен жақтастары елдің 8 өңірін аралап шықты. Ал ертең Ақмола облысы, Шортанды ауданының халқымен кездесу жоспарланған.
Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:
-Кездесуде көп халық жиналды. Олар өздерінің қызықтырып тұрған үлкен мәселелері бар. Сондай-ақ, бұл кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен шаруалар келген. Олар өз мәселелерін айтып жатыр. Мынау пайщиктердің мәселесі, онсызда біз бұрын біздің партия осы мәселелермен айналысып жүрген. Соған келіп өз шағым-өтініштерін айтып жатыр. Олардың бәрін қабылдап, біз тиісті жауабымызды беріп жатырмыз.