Хабар телеарнасы

Тоқаевтың штабы Түркістан облысы мен Шымкенттегі сайлаушылармен кездесті

Содан соң штаб мүшелері Шымкент қаласындағы зиялы қауым өкілдерімен,  жас ғалымдармен, өнертапқыштармен кездесті.  Бұл шараларда еңбек адамын қолдау, ғылымды ілгерлету мәселелері талқыланды. 

Елнұр Бейсенбаев, республикалық қоғамдық штабтың мүшесі:
-Сайлаудың өтетініне санаулы-ақ күн қалды. Мына Түркістан облысының, оның ішінде оңтүстік өңірдің азаматтары әрдайым сайлауда өздерінің жоғары белсенділігін көрсетіп жатады. Сол себептен ауыл тұрғындарын, осы облыс тұрғындарын алдағы президенттік сайлауда белсенділігін танытып, келіп өз дауыстарын беруге шақырамыз.