Гендерлік теңдік: саясатта әйелдердің белсенділігі артқан
Мәселен, ғылыми-зерттеулерде олардың қызметі 54% құрап, ал кіші және орта бизнесте 43% жеткен. Саясаттағы сандар да артқан. Президенттікке 6 үміткердің 2-еуі әйел адам. Десе де қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық саны әлі де азаймай тұр —, дейді мамандар. Отбасының ұйытқысы болып жүрген аруларға кез-келген жұмыс бұйыра бермейді екен. Себебі көпшілік біле бермейтін шектеулер болған. Осы жағдайларды болдырмас үшін жиынға келгендер әйел құқықтарын шегендеп бермек.
Эльвира Әзімова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі:
- Кейбір жұмыстарда әйелдерге шектеулер қойылған. Осы шектеулер қойылған тізімді алып тастадық. Осы конференцияда айтып кеткендей біз биыл тек 68% осы гендірлік бойынша сұрақтарды шешуге жеттік.