Қажыкеннің жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты
Кандидат жастардың идеяларын іске асыру үшін мүмкіндіктер беру қажеттігін атап өтті. Студенттер білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және ақпараттық қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы мәселелерге қызығушылық танытты. Мейрам Зекешұлы қаладағы Жылу электр орталығында да болды. Кәсіпорын қызметкерлеріне елдің энергетикалық және жылу өнеркәсібін дамыту туралы айтты. Сонымен қатар кандидат Тәуелсіздік монументі, Алаш-орда, қазақтың үш биінің ескерткіштеріне гүл қойды.
Мейрам Қажыкен, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Мықты өзімізге лайық әскер керек. Әскерді қару жарақпен қамтитын өзімізде өндіріс болу керек. Тараз бен Шымкенттің арасында Түлкібас деген қала бар. Осы лайық өндірісті бастауға. Таза технология. Ол жерде білікті мамандар жұмыс істейді. Сосын мына екі қалада университеттер бар.