Хабар телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев дауыс берді

Үміткер Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның атынан саяси аламанға қатысып отыр. Кандидат таңғы сағат 7:40-та Көктал шағын ауданында орналасқан N198 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.

Нұрлан Әуесбаев, ҚР президенттігіне кандидат:

- Қазақстанның барлық түкпір-түкіпірінде біздің сайлауалды бағдарламамызды барлық жерде білді. Біз оппозициялық партия ретінде өз пікірімізді барлық жерде ашық айтып жүрдік.