Асанәлі Әшімов дауыс берді
Қазақстанның Еңбек Ері сайлау учаскесіне өзінің жұбайымен бірге келді. Дауыс беруге қатысу - елдің саяси-қоғамдық өміріне байланысты өз пікіріңді, ұстанымыңды білдіру, — дейді актер. Актер елдегі саяси науқандардың ешқайсысына бей-жәй қарамайтынын айтады. Ал сайлау учаскесінің өкілдері өнер иесіне дәмді шоколадтарды сыйға тартты. Асанәлі Әшімов журналистердің сұрақтарына жауап берген тұрғындармен суретке түсіп, жастараға ақ батасын берді.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері:
- Халықтың жарқын болашағы үшін, жас ұрпақтың келешегі үшін мен өз даусымды бердім. Халықтың әл-ауқаты түзелмей, халықтың көңіл-күйі түзелмей береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Ол бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті алға қою керек. Сайлаудың барлығына қатысамыз, неге қатыспаймыз? Өзіміздің пікіріміз бар, сондықтан әр уақытта мұның барлығы халық үшін.