Хабар телеарнасы

Сеулде сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша кешкі 18:00-де жабылды

Тілші:
- Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан елшілігінің ғимаратында орналасқан 257-ші сайлау учаскесінде тұрмыз. Учаске Астана уақытымен таңғы 7-де ашылды. Шамамен бір сағаттан соң Қытайдағы учаскелер жабылады. Коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, отандастарымыз сайлауға белсенді қатысты. Елшілік Бейжіңдегі Чаоян ауданында орналасқан. Бұл аймақта вирус жұқтырғандар саны көп. Сауда үйі, білім беру мекемелері жабылып, тұрғындар карантинге жіберіліп жатыр. Бұған қоса, Қытай астанасында ауаның ластану деңгейі жоғары. Дегенмен осы жайттарға қарамастан, отандастарымыз сайлауға белсенді қатысты. Сайлаудың өту барысы туралы учаске комиссиясының төрағасынан сұраған едік. Назарларыңызға ұсынамыз.

Нұрлан Аққошқаров, сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы: 
- Біздің азаматтарымыздың дауыс беру үрдісіне қатысу өте белсенді. Қазіргі таңда 80% дауыс берді. Учаскенің жабылу уақытына орай тағы да 100% жалпы барлығы қатысады деген үміттеміз. Өте белсенді қатысуда. Қуаныштысы, дипломаттарымыз бен ұлттық компаниялардан бөлек, тағы жастар да қатысып жатыр. 

Тілші:
- Қытайда 3 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Олар Бейжің, Гонконг және Шанхайда орналасқан. Барлығы Астана уақытымен кешкі алтыда жабылады. Гонконг пен Шанхайда учаскелер бас консулдықтардың ғимараттарында ашылған.