Жас жұбайлар өз таңдауын жасады
Астаналық жас жұбайлар Әлішер Айтбаев пен Дәмелі Елеуқұлова бүгін некелерін қиып, әрі ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Айтулы күндегі белсенділіктері үшін ақ отау иелеріне арнайы сыйлық та тапсырылды.
Әлішер Айтбаев, Астана қаласының тұрғыны:
- Әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын, осы сайлауға келуге міндетті парызы, себебі, бұл біздің мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан келу парызы. Елімізге тілеріміз тыныштық, кең байтақ әрі берекелі болсын. Осы сайлауымыздың барлығы сәтті болсын. Барлығы ойдағыдай болсын өзінің таңдауы. Алға өркендей берсін еліміз!