Сайлау 2022: Алматылықтар өз таңдауын жасады
Рас, таңдалған тұлға алдағы жеті жылдағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, елдің дамуына жауапты болады. Сондықтан болса керек, көпшілік бұл науқаннан қалыс қалмады.
Науқаннан ғасыр куәлері де қалыс қалмады. Мәселен, 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева, 102 жастағы Оксана Бетабаева мен 103 жастағы Мұқсына Қалдыбаева ұрпағымның келешегі үшін деп өз таңдауларын жасады.
Мұқсына Қалдыбаева, Қонаев қаласының тұрғыны:
- Ел үшін еңбек етсін, ел үшін жұмыс істесін. Әрқайсысының шаңырағы биік, босағасы берік болсын. Аллаға шүкірміз. Басымызды үйіміз бар, малымыз бар. Өсіріген ұл қыз немере шөбереміз бар. Солар жетіліп, солардың аспандарында бейбітшілік болсын. Жұртымыз өсіп-өніп елдің алды болсын.
«Баталы елге бақ қонар», — деген тәмсіл бар. Бағымыз баянды болсын деген ниетпен зиялы қауым өкілдері де сайлау учаскелеріне барды.
Нұрлан Оразалин, мемлекет және қоғам қайраткері:
- Конcтиция құық деген не ол? Азамат. Азамат болу үшін өзінің отыңның басына, ұрпағыңның, ұлтыңның амандығына дауыс беру деген сөз.
Мұрат Жұрынов, академик:
- Біз Азия халықтарының ішінде ең алдынғы шепте тұрамыз, мәдениетіміз де мол, сондықтан елдің тағдырына байланысты, президент сайлау, келешекке көз жүгірту, осындай өркениетті мемлекттің халықтарына тән.
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да дауыс берді. Ол тек өзі емес, отбасы мүшелері де толық таңдау жасаған. Мәселен, Ольганың 18 жастағы қызы Анастасия жырақта жүрсе де саяси додадан тыс қалмайын деп, таңдауын Түркияда жасады. Жас спортшы ол жаққа оқу-жаттығуға аттанған.
Ольга Рыпакова, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері:
- Отбасы мүшелерімнің барлығы сайлауға қатысуда. Өйткені бұл біз үшін өте маңызды күн. Қызым биыл 18-ге толып, ең алғаш рет сайлауға барды. Дұрыс таңдау жасады деген ойдамын.
Әуелі сайлау, содан кейін тойлау. Қызылордалық жас жұбайлар Ербол мен Әйгерім той рәсімін бастамас бұрын сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
Ербол Қазиханұлы, қала тұрғыны:
- Қуаныштымын, еліміздің болашағы және өзімнің болашағым үшін де таңдаулы күн болып тұр. Жалпы той шаруасымен қарбаласып жатсақ та келіп, ел ертеңі үшін таңдау жасадық. Еліміз өркендей берсін.
Айгерім Толыбек, қала тұрғыны:
- Еліміз үшін таңдаулы күнде келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бүгінгі күн біздің тойымызбен сәйкес келгеніне өте қуаныштымыз.ы автошеру өткізді. Әр учаскіні аралап, комиссия мүшелерімен, тұрғындармен дидарласып, науқанның өту барысымен танысты.
Авторы: Сәкен Сейітханұлы