Exit-poll нәтижесі мынадай:
Қасым-Жомарт Тоқаев —82,45%; Мейрам Қажыкен —2,23 %; Жигули Дайрабаев — 3,33%; Қарақат Әбден — 2,54%; Салтанат Тұрсынбекова — 2,08%; Нұрлан Әуесбаев — 2,17%; Бәріне қарсымын – 5,2%.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы: - Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиялары дауыстарды санағаннан кейін 2 күн ішінде әрбір өңір бойынша хаттамалардың түпнұсқаларын жеткізуі тиіс. 20 қарашада өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындылары Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгіленетін болады. Оның өткізілетін күні мен уақыты қосымша хабарланады.