Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы құттықтағаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, Қырғызстанмен арадағы көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-қырғыз стратегиялық  серіктестігі мен одақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.