Хабар телеарнасы

Тоқаевтың штабына 44 БАҚ өкілі мен халықаралық байқаушылар барды

Мақсат — сайлауалды кезеңдегі штаб қызметімен танысу. Қонақтар кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығы және жастар алаңында болды. Кездесу соңында AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов арнайы брифинг ұйымдастырып, елге, сайлауға, үгіт-насихат жұмыстарына байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік, сайлау науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралаған еді.