Агломерация туралы заң Мәжілісте қаралды
Сондықтан алып шаһарлардың инфрақұрылымына біршама жүктеме түсіп отыр. Кептеліс, қоғамдық көліктің тапшылығы, балабақша мен мектептің жетіспеушілігі, тізе берсе мәселе жетерлік. Осыған байланысты Президент Агломерация туралы заңның қажеттігін айтқан еді. Бүгін тиісті құжаттың жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда қаралды. Төменгі палата депутаттары алдында заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, аталған құжат тек мегаполистерге емес, 500 мыңнан астам тұрғыны бар ірі шаһарларға да қатысты болады. Негізгі заң жобасына сәйкес орталық қала мен іргелес облыстардың әкімдіктері агломерация аумағындағы түйткілдердің түйінін бірлесіп тарқатады. Тіпті Алматы әкімдігіне қала маңындағы елді мекендердің мәселесін шешуге сырттан қарыз алуға рұқсат беріліп отыр. Ал Астананың атқарушы билігі болса өз бюджетінен Ақмола облысына жәрдемдеседі.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Мысалы, Астана қаласы Ақмола облысына агломерация мәселелерін шешу үшін инженерлік және инфрақұрылым мәселелерін шешу үшін, әлеуметтік объектілерді салу үшін қаржыландыруға мүмкіндік береді. Себебі елорданың бюджеті Ақмола облысының бюджетінен артық әрине. Астана қаласының бюджеті республикалық бюджетте донор болып табылады.