AMANAT: Сайлау қазақстандықтардың саяси мәдениетінің өскенін айғақтады
Өйткені дауыс беруге келген азаматтардың белсенділігі жоғары. Ал Еxit poll аясында 74 қала мен 242 ауыл қамтылып, 620-дан астам сұхбат алушы мен супервайзерлер, 75 мыңдай сайлаушы пікір білдірген. Жиында үгіт-насихат жұмысындағы ашықтық, халықтың еркін дауыс беруі үшін жасалған жағдайлар жайы да қаралды. Өз кезегінде Президенттің қазіргі уақытта басқа кандидаттарға дауыс берген немесе «барлығына қарсы» бағанын таңдағандардың пікірін ескеруі маңызды екені де айтылды.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Егер парламенттік сайлауға 7 миллионнан астам халық барса, мына референдумға да және президенттік сайлауға 8 миллионнан астам халқытың қатысуы елімізде болып жатқан барлық саяси процестерге халықтың өзінің сенімі бар екенін, өзінің дауысын білдіргісі келетіндігін және көптеген саяси мәселелерде өзінің нақты пікірі бар екендігін көріп отырмыз