«Жастар Рухы» жастар қанаты сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады
Ұйымдастыру жұмыстарының басым бөлігі жастарға міндеттелген. Тіпті бұрынғы саяси додаларда 100-ден астам кездесулер жоспарланатын болса, бұл жолы 24 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылыпты. Өйткені тек облыс орталықтары ғана емес, шалғай ауыл-аймақтарда қамтылып, Президенттің реформалары таныстырылған. Жиын соңында қатысушылар «алдағы жоспарларды жүзеге асыруда да дәл осылай ортақ мүддеде жұмыс істеуіміз керек» деген қорытындыға келді.
Нұржан Жетпісбаев, «AMANAT» партиясы жастар қанатының төрағасы:
- Қазіргі кездегі реформалардың негізгі бағыты әділеттілікті орнату. Әсіресе жастарға аса бір қатты маңызды. Әрбір азаматтың адал еңбек тауып отбасын асырап дұрыс мықты азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік жасау бұл әділетті Қазақастанның түп қазығы деп білемін.