Смайылов Павлодар облысының жаңа әкіміне міндеттемелер жүктеді
Президент облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовты қызметінен де босатқан. Екібастұз қаласында орын алған апаттың жай-жапсарын анықтап, жылу құбырларының бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету – әкімдіктің тікелей міндеті.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр, нәтижесі шыққан соң кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Әкімдік бұл мәселені ерекше назарға алып, жылыту маусымының қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етуі керек.