Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
Қарағанды облысы мәслихат депутаттарының жиналысына Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу қатысты. Үкімет басшысы депуттарға Президенттің облыс әкімі лауазымына Ермағанбет Бөлекпаев пен Сержан Аймақовтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 178 депутаттың 138-і Ермағанбет Бөлекпаевқа, ал 40 депутат Сержан Аймақовқа дауыс берді. Айта кету керек, бұған дейінгі әкім Жеңіс Қасымбек өңірді тура 3 жыл басқарды.
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі:
- Қарағанды облысы еліміздегі ең маңызды өңірдің бірі. Сондықтан қарағанды облысының әрі қарай серпінді дамуы барлығымыз үшін өте маңызды. Сіздер таңдаған кандидат Ермағанбет Қабдуллаұлы осы мақсатқа қол жеткізу үшін бар өзінің күш-жігері мен білімін және жалпы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін күш-жігері мен білімін жұмсайды деп сенеміз.
Ал Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласына әкім болып ауысты. Ақорда сайтында Мемлекет басшысының тағайындау туралы жарлығы шықты.