Қазақстан мен Пәкістанның сауда-саттықты екі есеге арттыруға мүмкіндігі бар
Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Пәкістанға жасаған ресми сапары аясында мәлім болды. Төменгі палата спикері Пәкістан президенті Ариф ур-Рехман Алвимен және Пәкістан сенатының төрағасымен, сондай-ақ елдің премьер-министрімен жеке-жеке кездесті. Жиында халықаралық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ерлан Қошанов 230 млн-нан астам халқы бар Пәкістан нарығы Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырып отырғанын айтты.