Мәжіліс Жеке тұлғалар банкроттығы туралы заң жобасын мақұлдады
Банкроттықтың 3 тәсілі енгізілмек. Біріншісі – соттан тыс банкроттық. Оған берешегі 4,9 млн теңгеден аспайтын, ресми кірісі жоқ және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар жүгіне алады. Екінішісі – сот банкроттығы. Бұл қарызы 4,9 млн теңгеден асатындарға қолданылады. Үшінші тәсіл – төлем қабілетін қалпына келтіру. Құжатта өзін банкрот деп жариялаудың салдары да қарастырылған. Мысалы, олар 5 жыл несие ала алмайды, банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта рәсімдеуге болады.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі:
- Бұл заңның көздегені бұл кредит алған адамдарды ары қарай банк немесе қаржы ұйымдары тарапынан қайта-қайта күштеме жасай беруіне тыйым салынады. Бірақ ол ойлану керек қой, 200 мың теңге үшін өзін-өзі банкрот деп жариялаудың қандай салдары бар екенін. Себебі жаңағындай шектеулер болатын болса, оған мүмкіндішінше жауып, ары қарай қарыз алмайтындай болу керек.