Руслан Желдібай Козачковтың ісіне қатысты пікір білдірді
Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметкері Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс делінген әлеуметтік желідегі хабарламада. Естеріңізге салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі Михаил Козачковтың ұсталғанын айтқан еді. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың рейдерлік басып алулар жасауына көмекті деген күдікке ілікті.