Парламент осы жылғы жұмыс қорытындысын шығарды
Бала құқықтарын қорғау, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, қаржы пирамидаларына қарсы тұру, рақымшылық жасау және тағы басқа. Бұл Парламент Мәжілісі 2022 жылы қабылдаған заңдар тізімі. Депутаттар жыл басынан бері 154 заң жобасын жұмысқа қабылдапты. Оның 93-і қаралып Сенатқа жіберілген. Ал 75 заңға Президент қол қойыпты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:
- Құрметті депутаттар, келер жылы біздің алдымызда бұдан да маңызды міндеттер тұр. Парламент Мәжілісі өз жұмысын жаңа Конституциялық жағдайда бастайын деп отыр. Мәжіліс заңдарды дербес қабылдайтын болады. 2023 жылы Мәжіліс сайлауы өтеді. Бұл бізге тікелей қатысы бар. Ашық бәсекелестік күресте біз азаматтардың қолдауына ие болуымыз қажет.