Үкімет: қымбатшылық болмайды
Былтыр ғана 20,3 болса, енді наурызға қарай 9,5 түсіру көзделіп отыр. Бұл президенттің жүктеген арнайы тапсырмасы екен. Екіншіден, көкөніске таншылық болмайды. Біздегі көкөністің қоры наурыз айына дейін жеткілікті екен. Әрі қарай климатты ыстық мемлекеттерден картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз импортталмақ. Бразилиялық қант қызылшасы еліміздегі қант қорын толықтырмақ. Ол үшін 350 мың тонна қантты баж салығынсыз елімізге әкелуге арнайы квота бөлінген. Сонымен қатар биыл Үндістан мен Пәкістан бағытында тасымалдау әлеуетін дамытуға басымдық бермек. Ресей, Қытай, Қырғызстанмен ортақ шекараларды жаңғыртпақ. Бұл тауар айналымын 30% ұлғайтып, транзиттік жүк ағынын 2 есе арттырады. Бұл туралы жиында ведомство басшысы Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Серік Жұманғарин, Сауда және интеграция министрі:
- Көкөніске байланысты енді сәуір-мамыр айынде не істейміз? Пәкістан, Өзбекстан, Тәжікстан Ауыл шаруашылығы министрлігімен, өндірушілермен келісім шартқа отырдық. Қан мәселесі шешілді деп есептеймін. Жүйе дайын, құрылым дайын.