Сенат сайлауы: аймақтар дайындығы пысықталды
Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген. Бұл туралы өткен Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды. Отырыста бейнебайланыс арқылы барлық өңірлердегі аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары мен мүшелері дайындық жұмыстары жайлы мәлімдеді. Айта кетейік, дауыс беру 14 қаңтар күні өтеді. Нәтижелерді Орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін жариялайтын болады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлау туралы конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгітті жүргізу сайлау болатын күннің алдындағы күні, яғни, 13 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады. Сонымен ертең тыныштық күні.