Әлеуметтік сауалнама: қазақстандықтардың алдағы сайлау туралы пікірі
Оның қорытындысына сәйкес қатысушылардың 53,3% «иә» деп жауап берген. Дауыс бермейміз-ау дейтіндер - 34,6%. Шешім қабылдамағандар – 12%-тен сәл асады. Зерттеуге 1 мың 200 респондент қатысқан. Олар - еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан тұрғындары. Сайлаушылардың 63,2% саяси плюрализмді қолдайды екен. Атап айтсақ – 27,8%-і - төменгі палатада бес және одан да көп партияны көргісі келетіндігін айтқан. Төрт партия үшін – 6,6%, үш партиялық құрамды – 16,8 проценті қолдапты. Респонденттердің 12%-і екі партиялық жүйені таңдаған.