Мәжіліс сайлауы: ЖСДП депутаттыққа 25 үміткер ұсынады
Оның 19-ы партиялық тізіммен, 6-ы мажоритарлық әдіспен ұсынылып отыр. Бұл туралы партияның кезектен тыс съезінде айтылды. Кандидаттардың бәрі Қазақстан заңнамасындағы талаптарға толық сәйкес келеді. Одан бөлек партия өкілдері әйелдер мен жастардан, мүгедектігі бар тұлғалардан тұратын қосымша тізім ұсыну талабын да сақтап отырғандықтарын жеткізді.
Асхат Рахымжанов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы:
- Ең алдымен халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге баса мән береміз. Азық-түлік бағасының қымбаттауы, тарифтің көтерілуі, ауыл шаруашылығы сияқты көптеген түйіткілдердің түйінін шешеміз.