ЕАЭО: сауда кедергілер жойылады
Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда кедергілерін жоюға барынша күш жұмылдыру қажет. Мұны Алматыда өткен Еуразиялық үкімет-аралық кеңестің отырысында Премьер-министрі айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұйымның экономикалық көрсеткіштерін оң бағалаған Әлихан Смайылов, одақтың әлеуеті бұдан да жоғары екенін жеткізді. Сондықтан 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы мен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың іс-шараларын жүзеге асыруға барынша күш жұмылдыру қажет. Бірінші кезекте өзара саудадағы кедергілерді жою маңызды. Атап айтқанда, ішкі шекараларда кедендік бақылау элементтері әлі күнге дейін сақталып отыр. Санитарлық, ветеринарлық және басқа да шектеулер кеңінен қолданылуда. «Бұл бизнеске Еуразиялық үкіметаралық кеңес артықшылықтарын толық пайдалануға мүмкіндік бермейді», — деді Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Біз Еуразиялық экономикалық одақты ымырашыл және өзара тиімді шешімдерді іздеуге негізделген ашық, тең құқылы интеграциялық бірлестік ретінде құрдық. Қауымдастықтың іргелі қағидаттарын жүзеге асыру — халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін бірлескен әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.