Әлихан Смайылов ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды
Президенттің жарлығымен Әлихан Смайылов ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін, Сыртқы істер вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінде болған. 2015 жылдың желтоқсанында Президент көмекшісі болып тағайындалды. Ал 2022 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен Премьер-министр қызметіне келді. Биыл 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кетіп, Әлихан Смайылов орнын босатқан болатын.