«Ақ жол» мен ЖСДП Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды
Саяси ұйым Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына үміткер ретінде партиялық тізім бойынша - 54, мажоритарлық жүйе бойынша - 24 кандидатты ұсынып отыр. Оның ішінде мәжілістің түрлі шақырылымында депутат болған 11 адам бар.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Жастарды біз қосып отырмыз. Оларды өсіруіміз керек. Жастарға жол көрсетуіміз керек. Осындай ниетпен оларды да қосып жатырмыз. Қазіргі тізімімізде ең жас үміткеріміз 25-те ғой деймін.
Сондай-ақ өз құжаттарын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да тапсырды. Бұл саяси ұйым алдағы саяси додаға партиялық тізім бойынша 19, ал мажоритарлық жүйе бойынша 6 адамды ұсынып отыр. Округтардан кандидаттар сайлауға Атырау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарында қатысатын болады. Бұл жөнінде партияның орталық аппаратының жетекшісі Талғат Омаров айтты. Естеріңізге сала кетейік, өткен парламенттік сайлауда бұл саяси ұйым байкот жариялаған болатын.
Талғат Омаров, ЖСДП орталық аппаратының басшысы:
- Біздің бағдарламамызда шығып отырған пункт деп айтуға болады. Біздің бағдарламамызда 5%-дық шек көрсетілген. Оның алдында 7% болатын Парламентке өту үшін. Қазір 5%. Біздің бағдарламамыздан алынғандай болып көрінеді. Сондықтан .да біз әрине, дұрыс деп есептейміз.