Хабар телеарнасы

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы: ел пікірі

Кандидаттарды, депутаттыққа үміткерлердің тізімдерін тіркеу 18 ақпанға дейін белгіленген. Тіркеу мерзімі аяқталған кезден сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталады. Саяси науқанға қатысты жұртшылықтың пікірін білуді жөн көрдік. 

- Үміткерлердің арасында танитындарың бар ма?
- Жоқ әлі көрмеппін. Бұйырса жақындағанда көреміз.
- Есімдерін толық білмейді екенмін. Бірақ көріп жүрміз, біліп жүрміз.

- Қандай үміт бар, қандай өзгеріс болғанын қалайсыздар?
- Жаңа қазақстан құрылса екен дейміз.
- Сайлауға әрине, барамыз. Неге бармаймыз?! Жастарға көмектессе, үйі жоқтарға үй берілсе, біздің шартымыз сол. Депутаттарды танымаймын. Өзімнің ауданымдағыларды білемін.


Алдағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы қызыққа толы болғалы тұр. Олай дейтініміз жаңадан екі партия құрылып оларда додаға түсіп жатыр. Бұл партиялардың арасындағы бәсекелестікті көтереді деп ойлаймын.

Барлық Қазақстан халқы сайлауға қатысса және өз таңдауларын білдірсе, сайлау әділ өтсе, депуттаттар проблемаларды көтерсе, сайлау нәтижесін береді. Көпбалалы ата аналарды қолдаса, жастарға көмек берсе, мүгедектерге жағдай жаратса деймін.