«Ақ жол» кандидаттары еңбек ұжымымен кездесті
«Ақ жол» партиясының кандидаттары «Астана Су Арнасы» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында партия төрағасы Азат Перуашев сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ұжым еңбеккерлері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап алды. Жалпы ел ішіндегі өзекті мәселелер ортаға салынып, оны шешу жолдары талқыланды. Кездесу соңында партияның алдағы жоспары, сайлауалды тұғырнамасы кеңінен баяндалды. Жалпы партия өкілдері мен жиналғандар алдағы саяси науқанның маңызына тоқталды.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Мұндай кездесулер ерекше маңызды деп санаймыз. Әрине, еңбек ұжымдарымен кездесіп, кез-келген мекеменің қызметкерлерімен ақылдасып, пікір алмасып келе жатырмыз. Әрине бұл жерде екі мақсат ұстаймыз. Біріншіден, партиямыз жүргізетін жұмыстың ақпарат беру. Екіншіден, мұндай кездесулерді халықтан ақпарат жинау үшін қолданып отырмыз.