ЖСДП үгіт-насихат жұмыстарын Қарағанды өңірінен бастады
Саяси ұйым өкілдері жергілікті сайлаушылармен кездесу ұйымдастырып, оларды алаңдататын мәселелерді тыңдады. Жиылғандардың арасында жастар мен «Қарағанды-Нан» кәсіпорнының еңбеккерлері бар. Бұл тұрғыда партия мүшелері, аталған проблемалардың шешу жолдарын қарастыруға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ депутатыққа үміткерлер, тұрғындарды алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Өйткені бұл науқан жалпы еліміздің болашағы үшін аса маңызды. Сондықтан келешекке бейжай қарамайтын әр азамат сайлауға қатысуы керектігі алға тартылды.
Қазгелді Омартегі, қала тұрғыны:
- Кандидаттар шығу керек. Келешегіміз үшін, Қазақстанның келешегі, болашағы үшін жұмыс жасау керек. Өзгерісті әкелетін депутаттар керек қой. Кандидаттарымыз депутат боп сайланып жатса, халықтың мұң-мұқтажын көтереді, үлкен жақсы өзгерістер болады деп ойлаймыз, өзіміз сенеміз.