Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы: халық қалауы
Кандидаттар үгіт-насихат кезеңін бастап кетті. Ал халық сайлаудан кейін депуттаттардың елге қандай өзгеріс алып келгенін қалайды?
- Жастардың баспанасы, жұмыссыздық, осының барлығын ойластырып, қарастырса деп ойлаймын.
- Менің ойымша, қымбатшылық болғанда әр салада тапқан табысы, енді айлығы шайлығынан аспайды ғой. Соны қарастырып, жасайтындай әрекет жасаса деп ойлаймын.
- Жер мәселесі көтеріліп жатыр ғой. Жеке меншікке және де басқа да тұлғалардың қарауына кеткен жерлерді заңды түрде реттесінші деймін және де халықтың ішкі өнімі дейді ғой. Халықтың басына шаққанда орташа жалақыны көбейту керек. Ауылды дамыту керек. Урбанизацияны сәл тоқтатып, ауылға көңіл бөлсе, ауыл жылын арнаса деймін.