Хабар телеарнасы

«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабында жұмыс қыза түсті

Өткен екі күндегі жұмыстар пысықталып, сайлаушылар тарапынан түсіп жатқан сұрақтар сараланды. Өңірлерде де бұл бағыттағы іс-шаралар кестеге сай жүргізіліп жатыр. Халықпен кездесулер ұйымдастырылып, саяси партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп жатыр. Аймақтық штабтарға үгіт-насихат материалдары толығымен жеткізілген. Әр облыста халық санына байланысты 200-ге жуық волантёр жұмысқа тартылған. Айта кетейік, саяси құрылым партиялық тізім бойынша Мәжіліс сайлауына 18 кандидат ұсынып отыр. Бір мандаттық округ бойынша 3 үміткер бақ сынайды. Ал мәслихаттар сайлауына 176 кандидат тіркелген.