ҚХП өкілдері Үлбі металлургия зауытына барды
Қазақстан Халық партиясының Республикалық үгіт-насихат тобы өңірлерді аралап жүр. Олар Өскеменде болды. Бұл аймақта өнеркәсіп дамыған. Өндірістік қуаттылығы, өнім түрлерінің көптігі бойынша Үлбі металлургия зауыты көшбасшылар қатарында. Мекеменің 70 жылдық тарихы бар. Саяси ұйым өкілдері компанияның ұжымымен кездесті. Осы азаматтардың қолымен байланыс құралдары, ғарыш, медицинада қолданылатын бериллий, тантал, ниоби сынды өнімдер әзірленеді. Партияның сайлауалды бағдарламасында тау-кен металлургиялық кешенін Жетілдіру бастамасы көтерілгенін айта кетейік. Өндірістегі мамандардың да пікірі тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. Қоғамдық бірлестік, саяси науқан аясында үш мыңға жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Шыңғыс Ерсоветов, ҚХП сайлауалды штабының мүшесі:
-Үлбі металлургия зауыты қала үшін, облыс үшін өте орны бөлек. Бұл ұжымда мыңдаған адамдар жұмыс жасайды. Біздің ойымызша өнеркәсіпті дамыту, еңбек қауіпсіздігін жетілдіру ел үшін, Қазақстан Республикасы үшін маңызды бір мақсат болуы керек.